Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Өкіл имам конференцияда баяндама жасады

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі. www.islam-atyrau.kz 29.11.2018 3408 0 пікір
Атырау: Өкіл имам конференцияда баяндама жасады

"Сайын даланың санатты ұлы". Осындай тақырыппен Атырау облысына қарасты Индер ауданында ғылыми танымдық конференция өтті. Бір кезеңдері қазақ даласына ислам дінін таратуда ұстаздық қызметтер атқарып, ел басқарған көрнекті тұлға Әйіп қажы Бекенұлының 180 жылдығына арналған конференция жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров арнайы қатысты.

Ғылыми танымдық конференция жергілікті Қ. Абаханов мектебі оқушыларының сахналық қойылымы мен Сиранов мектебі оқушыларының өлең шумақтары арқылы басталды. Онда Әйіп қажы Бекенұлының өмірі мен ағартушылық қызметі жолындағы еңбектерін, шығыс елдеріне сапарлары барысында өркениеттің  озық үлгілерін өз халқына үйретуге бар күш жігерін салғанын, өзінің даналығының арқасында патшаның алғысын алып, елінің жоғын жоқтап, сауаттануына зор үлес қосқандығы туралы кеңінен мәлімет берілді.  

Конференцияда баяндама жасаған Атырау облысының бас имамы Батыржан Берденұлы Әйіп қажы Бекенұлының 1898 жылдан бастап батыс өңірлеріне жаңа архитектуралық үлгіде өз қаражатына зәулім мешіттер салдырып, жастардың діни сауатын ашуға мол мүмкіндік бергенін де атап өтті.

"Әйіп қажы Бекенұлы бастапқыда Жалпақтал медресесінде оқып, кейін Қазан даласындағы жоғары діни білім беретін оқу орнында білімін жалғап, жоғары дәрежелі білім алған. Мекке жеріне үш мәрте барған ол Мысыр, Парсы, Араб, Шам елдерінде болып, шығыс елдерінің мәдениетін, өмір салтын көріп, оның озық үлгілерін өз халқына үйретуге бар күшін салған. 1913-1914 жылдары мешітті мектепке, медресе үйлерін жатақханаға айналдырып, алғаш рет жалпы білім беретін мектеп ашқан" деп атап өтті конференция барысында Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұров.

Айта кетелік, ғылыми танымдық конференция жұмысына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Аққали Ахмет, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиев және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысып,  баяндама жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру