Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Алғада ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүрді

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 28.11.2018 2819 0 пікір
Ақтөбе: Алғада ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүрді

Өткен аптада «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай Алға ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Үш күнге жалғасқан жұмыс сапары Алға қаласы, Маржанбұлақ, Үшқұдық, Қарабұлақ және Тамды ауылдарын қамтыды.

Наиб имам Алға қалалық №2, №3 және №5 орта мектептерінде өткен кездесулерге қатысты. Мектеп оқушылары мен мұғалімдерге жат ағымға тән жаңсақ түсініктерді баян етіп, жасөспірімдерді әсіредіншілдікке салынудан сақтандырды. Дәл осындай мазмұндағы кездесулер ауыл мектептерінде де өтті. Шәкірттер имамға сауалдарын жолдап, көптеген қажетті мағлұматтар алды. Білім беру ұйымдарында өткен 7 кездесуге 457 адам қамтылды.

Сапар барысында наиб имам аудандық мешітке бас сұғып, мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, имамдармен, жамағатпен пікір алысты. Кешкі сұхбатқа 70-ке жуық адам қатысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру