Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе облыстық мешітінде Мәуліт оқылды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 24.11.2018 3191 0 пікір
Ақтөбе облыстық мешітінде Мәуліт оқылды

Жұма күні «Ақтөбе» облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Мәуліт жыры оқылды.

Өкіл имам Төлеби Оспан және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Шынболат Үмбетов арабша Мәуліт жырын оқып, ардақты Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертті.

Мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев Мәуліт айының қадір-қасиеті, Пайғамбарға ﷺ салауат жолдаудың маңыздылығы турасында насихат айтты. Тақырыпқа сай жұма уағызы айтылып, хұтба оқылды.

Мереке қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Салтанат сарайы» мейрамханасында Мәуліттің құрметіне дастархан жайылды. Шараға қажы қариялар мен ақсақалдар, әжелер, мешіт қызметкерлері, жамағаты, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Өкіл имам Төлеби Оспан мейрамхана басшысына ризашылығын жеткізіп, жақсылық жолында садақа берудің сауабы мол екендігін айтты. Шара кезінде айтылған салауаттар мен барша ізгі амалдардың сауабы кәсіпкер азаматтың жанұясына тисін деп, тілек тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру