Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

www.elorda.info 23.11.2018 3231 0 пікір
Елордада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы оқу-жаттығулар жиынын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

«22 қараша күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Терроризмге қарсы астаналық жедел штабы Астана қаласының «Алматы» аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді», - делінген хабарламада. 

Іс-шараның негізгі міндеті – терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу кезінде кейбір шектеуліктер болады. 

Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарын сабырлық сақтап, түсінушілік танытуын сұрайды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру