Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодардың өкіл имамы ардагерлерді зиярат етті

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 23.11.2018 3130 0 пікір
Павлодардың өкіл имамы ардагерлерді зиярат етті

Мәуліт мейрамы құрметіне орай өкіл имам Жолдас Қоспақұлы мешіт қызметкерлерімен бірге жалғызбасты соғыс ардагерлерін зиярат етті. Өзге дін, өзге ұлт өкілі болса да облыстың бас имамы келіп сәлем беріп, көмек көрсетіп жатқанын білген қариялар көзіне жас алды.

«Жастық шағында отан үшін от кешіп келсе де, бүгінде тағдыр тауқыметін тартып бір үйде бір өзі ғана қалған, асыраушы-қамқоршысы жоқ, тек  мейірімді жандар мен әлеуметтік қызметшінің көмегіне жүгініп қалған қарттарға бір сәт болса да шуақты көңіл-күй сыйлау, оларға жалғыз емес екендігін сездіру, асыл Пайғамбарымыздың сүннетіне сай қамқорлық таныту біздің борышымыз. Алдағы уақытта да әр апта сайын  үзбей жалғызбасты болып қалған ардагер аталарымыз бен апаларымыздың амандығын біліп, оларға азық-түлік, қажетті дәрі-дәрмектермен көмек жасап тұратын боламыз»,-дейді өкіл имам Жолдас Қоспақұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру