Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отырарлық кәсіпкерлер 163 отбасыға көмір түсіріп берді

baq.kz 22.11.2018 3385 0 пікір
Отырарлық кәсіпкерлер 163 отбасыға көмір түсіріп берді

Қыстық көмір алуға қауқары жетпей, қамкөңілмен жүрген тұрмысы нашар отбасыларға отырарлық кәсіпкерлер қол ұшын беріп, үлкен азаматтық танытты.

"Туған жердің әрбір маңызды мәселесіне шет қарамайтын жаны жомарт, қолы ашық абзал азаматтар ауданымызда аз емес екендігіне көз жеткізді. Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған игі бастамаға «Саутс Ойл», «Азия Агро Групп», «Омар ата», «Ақжол» ЖШС-мен қатар, ауылдан шыққан бір топ жеке кәсіпкерлер де өз үлестерін қосты" - дейді аудандық баспасөз қызметі.

Қараша-желтоқсан айлары аралығында ауданның жекелеген елдімекендері бойынша 163 отбасыға жомарт жандар 250 тонна көлемінде қыстық отын алып, өздері жеткізіп берген.

Қарапайымдық пен ізгілікті жандарына серік еткен демеушілерге көмек алушылар алғысын жаудыруда.

 
 
 
 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру