Бүгінгі қаламыздағы Ә.Тажібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада «Зайырлылық – қоғамдық келісім кепілі» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция соңы салтанатты шаралармен жалғасты.
Атай айтар болсақ, ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жақында ғана шыққан «Мазхабсызбен сұхбат» атты авторлық кітабының лентасы қиылып, Сыр өңірінің оқырмандарына жол тартты.
Наиб мүфти кітабының мазмұнын конференцияға қатысушыларға таныстырып, көпшілікке қолжетімді болсын деген ниетпен облыстық әмбебап кітапхана қорына тарту етті.
Сонымен қатар, аталмыш шара аясында ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерде қызмет атқарушы бірқатар имамдар аймақтағы конфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайту, мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын насихаттаудағы белсенділіктері үшін облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов мырзаның атынан тағайындалған «Алғыспен» марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
21.11.2018
3914
1 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (1)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Даурен | 21.11.2018 07:04
Ассалаумагалейкум!!! Осы китапты калай алсак болады? Алматы каласынан