Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтау қаласында тарихи қолжазбаның тұсауы кесілді

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 19.11.2018 2958 0 пікір
Ақтау қаласында тарихи қолжазбаның тұсауы кесілді

18 қараша күні Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» облыс әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Ержан Төлегенұлының «Ілімнің бұлағы, тақуалық қайнары» атты қолжазба еңбегінің ресми түрде тұсауы кесілді. Еңбектің лентасын облыс әкімі Ералы Тоғжанов пен ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан кесті.

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген игі шараға Қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Б.Мырзаев, «Нұр-Мүбарак» университетінің проректоры Қ. Құрбанбаев, «Нұр-Мүбарак»  университетінің дінтанушысы М.Исахан және Р.Дайрабай қатысты.

Дөңгелек үстелде Ержан Төлегенұлының тағылымы мол өмірбаяны мен еңбектері қалың жұртқа паш етілді. Аталмыш шарада «Нұр - Мүбарак»  университетінің проректоры Қ.Құрбанбаев Маңғыстау жұртына Е.Төлегенұлының зерттелмеген еңбектеріне ғылыми дессертациялық жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, ол кісінің жәдігерлері, қолжазбалары мен оқыған «Құран кітабы»  көпшілік жұртқа көрсетілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру