Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қоғамдық даму министрі Ақжайықта

БҚО өңірінің баспасөз қызметі 16.11.2018 3283 0 пікір
Қоғамдық даму министрі Ақжайықта

Қасиетті жұмада Ақжайыққа Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Іс-сапары барысында мәртебелі мейман облыстық орталық мешітке атбасын бұрды.

Мәртебелі мейманмен бірге облыс әкімі А.Көлгінов, облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов, облыстық дін істері басқарма басшысының  міндетін атқарушы А.Төлепов, облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы А.Нұрахметұлы да келді.

Дархан Аманұлын ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов қарсы алып, облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді. Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттері жайлы сөз етіп, кеңінен жеткізді.

Кездесуден кейін облыс имамы ата-бабалар рухына Құран бағыштады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру