Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі ғалым Ерсін Әміре «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)+(ВИДЕО)

www.muslim.kz 14.11.2018 3971 0 пікір
Белгілі ғалым Ерсін Әміре «Әзірет Сұлтан» мешітінде уағыз айтты (ФОТО)+(ВИДЕО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде белгілі исламтанушы ғалым Ерсін Әміре бесін намазынан соң жамағатпен жүздесіп, уағыз айтты. Астана қаласына арнайы іссапармен келген РАНТ мүшесі алғашқы кездесуі Бас мешіттен бастады.

Бас мешіт мінберіне көтерілген ғалым есігімізден енді кірген Мәуліт (Рабиғ әл-әууәл) айының құрметіне орай «Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жақсы көру» тақырыбында уағыз айтып, ардақты Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратқа толы ғұмырынан сыр шертті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру