Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ФОТО: БАС ИМАМ ҚАРАҒАЙЛЫ МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Алматы қаласы Орталық мешітінің баспасөз қызметі 13.11.2018 2936 0 пікір
ФОТО: БАС ИМАМ ҚАРАҒАЙЛЫ МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы Қарағайлы мешіті жамағатымен жүздесіп, Жұма уағызын айтты.

Бас имам өз сөзінде дәстүрлі дініміздің негізі болған Имам Ағзам мәзһабы туралы айтып, Әбу Ханифаның ғибратты ғұмырынан сыр шертті. Мұқым мұсылман жамағатын ынтымаққа ұйытып, бірлігі мен берекесін арттыратын мұндай сара жолдың әрдайым әлеуметтік маңызы мен қажеттілігі жоғары екенін тілге тиек етті. Егеменді елдің болашағы баянды, келешегі кемел болуы да тікелей ауызбіршілікке байланысты екенін жеткізді. Сондай-ақ, жамағатқа «тілі бірдің – тілегі бір, діні бірдің – жүрегі бір» деген тағылымды ұқтырды.

Сосын Бас имам мешіт ауласындағы жаңадан салынған сауат ашу курсының ғимаратымен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру