Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі журналист, қоғам қайраткері Марат Тоқашбаевпен кездесу

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі   09.11.2018 3407 0 пікір

Нұр-Мүбарак университетінің студенттерінің жан-жақтылығын арттыру үшін негізгі дәрістерден өзге уақытта қоғам қайраткерлері, шығармашылық өкілдері, т.б. еңбегімен елге танылған тұлғаларды шақырып танымын арттыруда. Осы мақсатта Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, көптеген публицистикалық мақалалар, жұртқа танымал жобалардың авторы, «Президент және халық» газетінің Бас редакторы Марат Тоқашбаев шақырылды. Елағасы жайлы университет проректоры, доцент Қ.Құрманбаев қысқаша таныстырып өтіп, жастарға ақыл-кеңес айтуға уақыт бөліп келгеніне орасан алғысын білдірді. Марат Тоқашбаев мырза да Нұр-Мүбарак университетінің студенттерді қоғам өкілдерімен кездестіруі құптарлық іс екендігіне тоқталып, салиқалы сұхбатын бастап кетті:   

Дін мен дәстүр сабақтастығы біздің елдігіміз бен ұлттық құндылығымыздың кепілі. Ислам – өркениет пен мәдениет діні. Ал біздің ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың қайсысын алсаңыз да ислам дінімен астасып жатыр. Бұл біздің ұлт болып ұйысып, халық болып сақталуымыздың кепілі болғаны даусыз,- деді ардагер журналист.

Кездесу соңында ұйымдастырушылар алғыс білдіріп, Құран мен университет сыйкәдесін ризашылықпен табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру