Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Ерік Ыбырай «Обаған» ауылындағы кітапханада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру жылы» және өткен «Рухани келісім күні» аясында кездесу өткізді.
Шара барысында Ерік Ыбырай «Рухани келісім және зайрлылық» тақырыбында әңгіме өрбітті. Қай кезеңде болмасын қазақ халқы басқа ұлтқа қыйыншылығында демеу болып, жат деп сыртқа теппегенін. Мұндай қасиет адам бойына Алланың хақ діні арқылы және ұяда берілген тәрбиенің арқасында екендігін айтып өтті.
Кездесу соңында оқушылар мен кітапхана қызыметкерлері өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Сонымен қатар аудандағы атақты ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туған жеріндегі «Ыбырай құдығы» салтанатты түрде ашылып, оған аудан басшылары мен бас имам қатысты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
07.11.2018
2769
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру