Алакөл ауданы, Ынталы ауылының тұрғыны «Ұшқын» шаруа қожалығының басшысы А.Ділдебаевтың демеушілігімен мешіт ашылды. Мешіттің ашылуына қала қонақтары мен ауыл тұрғындары мен имамдары келді.
Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінің наиб имамы Ө.Шынарбек мешіт жамағатымен көрікті екенін тілге тиек ете келе, мешіт халықты береке-бірлікке шақыратын орда болуы керектігін айтты.
Аудан әкімі Ә.Әскербекұлы, ардагерлер кеңесінің төрағасы да өз тілектерін білдіріп, қуанышты күнмен құттықтады. Мешіттің лентасы қиылған соң мешіт ішінде екі рәкағат сәлем намазы оқылды. Ө.Шынарбек уағыз айтып, алғашқы жұма намазы оқылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
05.11.2018
3082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру