Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Телог мамандар “Әйелдер-қыздар” секторымен кездесті

Түркістан өңірлік баспасөз қызметі 03.11.2018 3837 0 пікір
Түркістан: Телог мамандар “Әйелдер-қыздар” секторымен кездесті

Дін мәселелерін зерттеу жөніндегі Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен бүгін Түркістан облыстық “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінің жанынан құрылған «Әйел-қыздар» секторының дәрісханасында “Білімгер қыз балалар” тақырыбында отырыс болды.

Отырысқа  “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” мешітінің ішінен құрылған «Әйел-қыздар» секторының шәкірттері мен “Салиқалы әжелер” алқасы қатысты. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының “Әйелдер-қыздар” секторының меңгерушісі, теолог маман Тилегенова Ақбөпе Қанатқызы «Қазіргі таңдағы әйел адамдардың орны мен ер адамдардың орнын, қоғамдағы өзін ұстау қағидалары» жайында уағыз-насихат айтып, көпшіліктің көкейкесті сұрағына жауап берді.

Жиын соңында Түркістан облыстық “Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи” орталық мешітінің өкіл имамы Ақтамберді Мұсабек әйелдер қауымына алғысын білдіріп, нәзік жандылардың қоғамдағы рөлін бір сыпыра түсіндіріп кетті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру