Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін реабилитациялық орталық ашылды

baq.kz 02.11.2018 4205 0 пікір
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін реабилитациялық орталық ашылды

Алматының Түрксіб ауданында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Мейірім» атты ерекше реабилитациялық орталық ашылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алматылық кәсіпкер Қайрат Боранбаев құрылысқа 2 млрд теңге жеке инвестициясын салды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мейiрiм» атты жаңа орталық церебралды паралич ауруына және басқа да сырқаттарға ұшыраған, интеллектуалдық дамуы төмен, сонымен қатар Даун синдромына шалдыққан 3-тен 15 жас аралығындағы мүмкіндіні шектуелі балаларға есептелген.

Мекеменің бір ерекшелігі, мұнда әр бала үшін коррекциялық және реабилитациялық дамудың жеке әдісі жасалған. Балалар коррекциялық-даму сабақтарына қатысады, оларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі, емдеу физкультурасы, массаж, физиотерапия, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыка, көркем және ойын терапиясы жұмыс істейді.

Орталық аумағына айрықша инклюзивті балалар алаңы орналасқан, мұнда олар түрлі жаттығулар жасайды, өздерін тік ұстап, координацияларын, жалпы және шағын моториканы, күштерін, ептілігін, көру қабілеттерін, тактильді сезінулерін, жетілдіреді және топ болуға ойнауға бейімделеді. Жалпы, орталық айналасында мүгедек арбасындағы және мүмкіндігі шектеулі балалардың еш кедергісіз қозғалуы үшін барлық жағдайлар жасалған.

Қазіргі кезде қалада 23 реабилитацилық орталық жұмыс істейді, олардың тең жартысы жекенікі. Өз кезегінде «Мейiрiм» орталығы 2007 жылы әкімдік уақытша пайдалануға берген №250 бала бақша базасының негізінде ашылды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру