ҚМДБ-ның «Зекет» қорының облыстағы өкілдігі кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында 2 отбасыға және «Ақтөбе медресе колледжіне» азық-түлікпен көмек берілді. Барлық таратылған азық-түлік мөлшері – 150 келіге жуық.
Сондай-ақ Мәртөк аудандық мешіті де аудандық «Жастар» ресурстық орталығымен бірлесіп, қайырымдылық шарасын өткізді.
Шара барысында 6 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға көмек берілді. Әр отбасыға 45 келі салмақты азық-түлік қоржындары үйді-үйді үлестіріліп берілді. Барлығы 270 кг азық-түлік таратылды. Жәрдем алған жанұялар мешіт ұжымы мен жастарға ризашылықтарын жеткізіп, рахмет айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
31.10.2018
3222
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру