ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті «Жәрімбет ата» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және 30-шы парасын жатқа оқудан облыстық жарыс өтті.
Өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы алғы сөзінде қатысушыларға Құран жаттаушының Алла Тағала алдындағы дәрежесінің жоғары екенін түсіндіріп, сәттілік тіледі.
Сайысқа Аймақтағы мешіт шәкірттері қатысып, «Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу» және «Құран Кәрімді мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Жарыс шарттары бойынша барлық талаптар мен ережелер ескеріліп, әділқазылар алқасының шешімімен қатысушылар ішінен озық деп танылған:
"Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа оқу" номинациясы бойынша:
І орын - Мұxаммеджанұлы Бақытжан (70 000 тг)
ІІ орын - Көбеев Абдулла (50 000 тг)
ІІІ орын - Ермағанбетов Бақберген (30 000 тг)
"Құранды мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша:
І орын - Аюбай Нұрмұxаммед (50 000 тг)
ІІ орын - Ерікұлы Сарман (30 000 тг)
ІІІ орын - Аманулла Ернұр (20 000 тг)
жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға өкіл имам атынан тағайындалған алғыс хаттар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
30.10.2018
3195
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру