Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мубарак: Университет ұжымы Елбасының үндеуін талқылады

Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 29.10.2018 3379 0 пікір
Нұр-Мубарак: Университет ұжымы Елбасының үндеуін талқылады

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы жолдауын кеңінен талқылады. Проректор, доцент Қ.Құрманбаев университет  өмірінде қолға алынған өзгерістердің жолдаумен тіпті астасып жатқандығын да баса айтты. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданса, ұстаздар ұжымына да сол мәртебеге сай болу қажеттігі күшеймек.

«Университет деңгейі білімді шәкірттерімен өлшенсе, ел деңгейі де білім-ғылыммен сараланады. Біздің студенттер үнемі түрлі халықаралық, республикалық, қалалық  сайыстарда жүлделі орындарға ие. Спорт па, білім ба қай тарапта да алдыңғы орында болғандықтан, бұл көрсеткішпен масаттанып босаңсуға жол берілмейді», - деген проректор ұжым өкілдерінің де пікірлерін сұрады.

Жалпыуниверситеттік гуманитарлық кафедра меңгерушісі, доцент Дариға Қапасова кафедра ұжымында өткен талқылау студенттердің білім алуы мен университет дамуына ықпал ететінін айтып өтті.

Сондай-ақ, проректор біршама жобалардың жүзеге асырылуы басталып кеткенінен де хабардар етті. Бұл әлбетте, ықылас пен жаңа идеяларды жүзеге асыруға деген ұжымның жанашырлығымен тығыз байланысты екендігі де айтылып, ел болашағы үшін қашанда жұмылған жұдырықтай еңбек ететін ұжымның мерейі үстем екендігі ескертілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру