Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана: Шәкірттер арасында волейболдан турнир өтті

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі 29.10.2018 2725 0 пікір
Астана: Шәкірттер арасында волейболдан турнир өтті

Жуырда Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен қалалық №80-мектеп-гимназиясының спортзалында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің діни сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында волейболдан турнир өтті.

Аталмыш турнирге 8 команда, (әр қайсысында 6 спортшы) барлығы 48 спортшының қатысуымен қолдоптан күштерін сынады. 60-қа жуық көрермен белсенді жанкүйер болып, доданы қыздыра түсті.

Астана қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығы басшысының орынбасары М.Бектазинов және «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы, Астана қаласы бойынша діни сауат-ашу курсына жауапты имам Нариман Исенов қатарлы құрметті қонақтар қатысып, шара барысында сөз сөйледі.

Сондай-ақ, турнирден жүлделі болған командаларға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамдары Б.Ақжол, С.Хаманұлы, О.Хайридинов және Н.Шамшидин қатарлы имамдар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру