Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Оқу курсы мәресіне жетті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.10.2018 2936 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағының өкілдігі өңірдегі әйел-қыздардың діни сауаттылығын арттыру үшін оларға «1 айлық діни білімдерін жетілдіру курсын» ұйымдастырған болатын.

Осы курс өз мәресіне жетіп, онда білім алған 50-ден астам әйелдер мен қыздарға сертификат табыстау шарасы Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болып өтті.

Жиында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

««Әйел-қыздар» секторын дамыту бағытында жүзеге асырылған осы курс арқылы өңірде әйелдер мен қыздардың діни білімін жетілдіруге ерекше назар аударып отырмыз. Енді сіздер асыл дініміз үшін имандылықты уағыздау ісіне белсенді қатысуларыңыз қажет» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру