Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөзде «Әжелер мектебінің» семинары өтті

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі 26.10.2018 3619 0 пікір
Аягөзде «Әжелер мектебінің» семинары өтті

Аягөз қалалық мешітінде «Әйел-қыздар» секторы мен «Әжелер мектебі» бірлесе отырып «Отбасы тәрбиесіндегі әжелер мектебінің рөлі» атты тақырыпта семинар өткізді. «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығының ұстазы Әсел Рымғалиқызы «Отбасы құндылығы» атты ғибратты бейнеролик көрсетіп, «Әжелер мектебі» мүшелері «Қазақы тәлім тәрбие», «Келін тәрбиесі – киелі тәрбие», «Әйел бақыты», «Отбасындағы дағдарыс» тақырыбында баяндамалар жасады.

Семинар соңында аналарға алғыс хат пен гүл шоқтары табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру