Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық өкіл имам студенттермен кездесті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі  24.10.2018 3153 0 пікір
Маңғыстаулық өкіл имам студенттермен кездесті

Маңғыстау облысы өкіл имамы Смайыл Сейтбеков студент жастармен кезекті кездесуін өткізді.

Өкіл имам «Маңғыстау энергетикалық колледжіне» студенттерге дініміздегі отбасының орны, ата-ананы құрметтеудің маңызы, отбасы құндылықтары жайлы насихат айтты.

Шара соңында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

Колледж басшылығы келген қонаққа алғыстарын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру