Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 23.10.2018 2974 0 пікір
Қызылорда: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫ ВОЛЕЙБОЛДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында волейболдан облыстық жарыс өтті.

Астана қаласына 20 жыл, Қызылорда қаласына 200 жыл толуына орай өткізілген сайыстың басты мақсаты жамағаттың ынтымақ-бірлігін арттыру, өзара толеранттылықты қалыптастыру.

Спорттық сайысқа облыс мешіттердің жамағаттарынан жасақталған 11 топ қатысып, төрешілердің шешібі бойынша жүлделі орындардың жеңімпаздары деп танылған:

І-орынды Абай ауылдық "Ақмолда" мешіті,
ІІ-орынды қалалық "Айтбай" мешіті,
ІІІ-орынды қалалық "Сұлтан" мешітінің командалары өкілдік тарапынан тағайындалған сертификаттармен және де қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру