Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Құран жарысы болып өтті

www.muftyat.kz 22.10.2018 3408 0 пікір
Түркістан: Құран жарысы болып өтті

Қазан айының қоржыны қуанышты хабармен тағы да толықты. Түркістан облысы, Түркістан қаласы "Хилует" орталық мешітінің ұйымдастыруымен Бірлік ауылы "Жұма"мешітінде Құран жаттаған шәкірттер арасында Құран жарысы болып өтті. Жарыс 3 бөлікке бөлініп өтілді. 

Олар:
1)Құранның толық 30 парасы;
2)Құранның 5 парасы
3)Құранның 30-шы парасы.

Төрешілер үміткерлердің арасынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын анықтап, жүлделі орын жеңімпаздарына қаржылай сыйлық табыстады. 

Құранның толық 30 парасы бойынша 
1 орын; Абдулазимов Нематұлы - 100 000 теңге
2 орын; Табын Мұхаммед Сали - 70 000 теңге
3 орын; Жұмабай Аян - 50 000

Құранның 5 парасы бойынша
1 орын; Айтмахан Дияс - 60 000 теңге 
2 орын; Құрманалиев Темірлан - 50 000 теңге
3 орын; Жұмабай Нұрмахаммед - 40 000 теңге

Құранның 30-шы парасы:
1 орын; Шакиров Мұхаммедали - 30 000 теңге
2 орын; Абдуқаюмов Садриддин 25 000 теңге
3 орын; Нұриддинұлы Азамат - 20 000 теңге
3 орын; Авазов Билял - 20 000 теңге

Сонымен қатар, қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру