Кеше Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында мемлекеттік және қоғам қайраткерлері Темірбек Жүргеновтің 120 жылдық, Ілияс Қабыловтың 115 жылдық, Социалистік Еңбек Ері Ұзақ Еспановтың 90 жылдық мерейтойларымен қатар, «Алтын дән – 2018» салтанатты шарасы өтті.
Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақтың және кеуде мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Шара айтыскер ақын Айдос Раxметовтің жыр-арнауынан бастау алды.
Шараның қадірлі қонақтары: Қызылорда облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Сейтқалиұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, қайраткердің немересі Галина Қабылова мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған бюстті салтанатты түрде ашты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
19.10.2018
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру