Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ -  КІШІГЕ МІНДЕТ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 19.10.2018 3620 0 пікір
Қызылорда: ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ -  КІШІГЕ МІНДЕТ

Дәстүр бойынша, облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы асханада  жамағаттың ауызбіршілігі мен бауырмалдығын арттыру мақсатында бейсенбі сайынғы ауызашар дастарқаны жайылып, уағыз жүргізілді.

Кезекті ауызашарда қалалық «Қалмұхаммед» мешітінің Бас имамы Д.Рысбай қажы қонақ болып, есту және сөйлеу қабілетінен айырылған жандар мен мешіт жамағаттарына «Иман мен амал»  тақырыбында уағыз айтып,  жан-жақты мысалдармен түсіндірді.

Ауызашардан кейін, өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы талай жылдан бері еліміздің дін саласында ерен еңбек етіп, аянбай қызмет атқарып келе жатқан Дайрабай қажыға үлгі-өнеге аларлық өмір жолында өзгелерге қамқор болып, бағыт бағдар беруден шаршамай, дәстүрлі дініміз исламды дәріптеуде қосып жүрген елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру