Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: ҚМДБ бөлім басшысы мен наиб имамдар марапатталды

 «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 19.10.2018 3140 0 пікір
ШҚО: ҚМДБ бөлім басшысы мен наиб имамдар марапатталды

«Рухани келісім күні» қарсаңында Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел басқосуы болып өтті.

Алқалы жиынға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ольга Булавкина, ҚМДБ бөлім басшысы Алтынбек Ұтысханұлы, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы бастаған имамдармен қатар өңірдегі діни бірлестік өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, ақсақалдар кеңесі мүшелері қатарлы қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында рухани келісімінің өзектілігі талқыланып баяндамалар жасалды.

«Ислам діні бейбітшілікті уағыздайды, еліміздегі ұйыған тыныштықты сақтауда дінаралық татулықтың маңызы зор»,- деді ҚМДБ бөлім басшысы А.Ұтысханұлы жиында.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы сөз алып, қоғамдағы тұрақтылықтың бір кепілі дінаралық тұрақтылық екендігіне тоқталып, осы бағыттағы атқарылып жатқан шаралар туралы өз ойын ортаға салды.

«Рухани келісім күніне» арналған басқосуда ҚМДБ бөлім басшысы Алтынбек Ұтысханұлы Өскемен қаласы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Марапатты қала әкімінің орынбасары О.Булавкина табыс етті. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамдары Ү.Досжан мен З.Сайлауұлы да қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру