Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінде дөңгелек үстел өтті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 19.10.2018 2784 0 пікір

Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде «Рухани келісім күніне» орай  еліміздің дамуы мен бейбітшілігіне кепіл болған толеранттылық, төзімділіктің қыр-сыры туралы жан-жақты талқыланды.

Университеттің дінтану мамандығының 1-курс магистранттары ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Діни тұрақтылық – мемлекеттің басты тірегі» тақырыбында  өткен дөңгелек үстелге ғалымдар, ғылым ізденушілер қатысып пікірлерін ортаға салды. Университет проректоры, профессор Қайрат Құрманбаев:

«Ислам тарихына үңілсек, мұсылмандар өзге дін өкілдерімен келісімде өмір сүрген. Күні кеше Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының  VI съезі рухани жаңғырудың бір көрінісі. Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жобалар бізге қоғам тұрақтылығы мен даму үдерісіне жаңа серпін беретіні анық,-деді.

Ал ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану институты Дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы әрі доценті Бақытжан Сатершинов діндер тарихындағы қанды оқиғаларды мысалға ала отырып, дінге саясат араласқанда қақтығыстардың орын алуы заңдылық екендігіне тоқталды.

Дінтану кафедрасының меңгерушісі, доцент Қалмахан Ержан магистранттардың баяндамасына қатысты пікірін білдіріп, болашақта ғылыми ізденістерге жетістіктер тіледі.

Қатысушы ғалымдар мен магистранттар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, дөңгелек үстелге өте жоғары баға берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру