Астанада «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымымен бірлесіп «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 16-18 қазан аралығында «Мүгедектігі бар азаматтардың өмір салтын жақсарту және мүгедектер арбасын жинау» тренингін өткізіп жатыр.





Тренингке Астана, Орал, Қызылорда, Қарағанды және Павлодар қаласының мүгедектік ұйымдарының белсенділері қатысуда.

LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымы қазақстандықтарға қайырымдылық негізде 343 мүгедектік арба беріп отыр.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, әр арбаның құны 500 АҚШ доллары тұрады. Және бұл арбалар 3 түрлі адамға арналған. Біріншісі, стандартты. Екіншісі, жүруге ыңғайсыз жолдарға арналған арба. Ал үшіншісі, белсенді адамдарға арналған қоларба.
«Біз 3 күн бойы мүмкіндігі шектеулі азамттарға арналған арбаларды құрастырып жатырмыз. Техник мамандарға арбаларды тек құрастырып қоймай, дұрыс өлшемдерін алып, бөлшектерін дұрыс орналастыруды үйреттік. Біз бұл мүгедектер арбасының барлығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатымен Америкадан алып келдік. Мақсатымыз әлем бойынша адамдардың мобильділікке қол жеткізулеріне, кедергісіз қоғамда өмір сүрулеріне жағдай жасауға көмектесу» , - деді LDS Charities халықаралық қайырымдылық ұйымының өкілі Вильям Эйблс.

«Мен Қызылорда қаласынан келіп отырмын. Біз кәсіпкерлер палатасы мен Zhas Project бағдарламасынан грант ұтып алып, Қызылордадан «ИнваСТО» деген мүгедектер арбасын жөндейтін мекеме аштық. Елімізде мүгедектерге арналған арбаларға қызмет көрсететін орталықтар негізінен Астана, Алматы және Ақтөбеде ғана бар. Біз төртінші болып ашып жатырмыз. Бұл тренингке шетелдік мамандардың тәжірибесін үйрену үшін келдім» , - деді ІІІ топ мүгедегі Нұрсұлтан Тәжиев.



Оқу курсы толық аяқталғаннан кейін, «WAQYP» корпоративтік қайырымдылық қоры арбаларды Мүгедектер қоғамдық бірлестігі «ДОС» Тәуелсіз өмір» Орталығы ұсынған тізім бойынша Қазақстанның барлық облыстарына жеткізіп береді.















Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру