Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім күні» қарсаңында Өскемен қаласында облыстағы діни бірлестіктер арасында спорттық бәсекелер жүріліп өтті.
Аталған шараға ҚМДБ Өскемен аймағының командасымен қатар облыстағы барлық діни бірлестіктердің спортшылары қатыстып, дойбы, арқан тарту, қол күресі, гир көтеру қатарлы спорт түрлерінен сайысқа түсті.
Барлығы 100-ге тарта спортшылар қатысқан сайыстан өкілдіктің «Ислам» командасы қарсылас спортшыларды басымдықпен ұтып, жеңіске жетті.
Жеңіске жеткен өкілдіктің спортшыларына облыстық Дін істері басқарамасы атынан кубок және ақшалай сыйлық ұсынылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
18.10.2018
3003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру