Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: ӨКІЛ ИМАМ АҚСУ ЖАСТАРЫМЕН  ЖҮЗДЕСТІ

Амантай Тойшыбайұлы 17.10.2018 3213 0 пікір
Павлодар: ӨКІЛ ИМАМ АҚСУ ЖАСТАРЫМЕН  ЖҮЗДЕСТІ

Ақсу қалалық «Балалар шығармашылығы үйінде» қалалық мешіттің   ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, дінтанушы Бертымұратов Жолдас және Ақсу қалалық мешітінің наиб имамы Асхат Мұхамедияров,  мешіт ұстазы Хурсанд Қоспақұлы қаладағы «Жаяу Мұса» атындағы колледж және Қара металлургия колледждерінің студенттері және мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесуді Ақсу қалалық мешітінің наиб имамы Асхат Мұхамедияров сөзін сабақтай келе:

«Жас ұрпақтың сол ағымдарға түсіп, адасушылыққа бет бұрмауларыңыз үшін қолдан келгенше тырысып бағуымыз қажет», -деді.

Өкіл имам Жолдас Қоспақұлы қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылатын салафизм идеологиясының қауіптілігімен қатар ислам ғұламаларының дәлелдерін келтіре отырып, теріс ағымдардың ұстанатын қағидаларының бұрыстығын талдап түсіндірді.

Ақсу өңірінің белсенді жастары дін қызметкерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтары мен сауалдары қойып, тұщымды жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру