Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен аймағының Өкілі Қазақ Радиосында

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 15.10.2018 3086 0 пікір
Өскемен аймағының Өкілі Қазақ Радиосында

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы қазақ радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында өкіл имам ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан шараларға кеңінен тоқталды.

Әсіресе, жат ағымдарға қарсы күрес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ұлтымыздың дәстүрлі құндылықтарын насихаттау, қоғамда рухани келісімді орнықтырудың маңыздылығын саралады. «Қазақстан күллі әлемдік діндерді бір үстел басына жинап, әлемде татулықпен келісімнің салтанат құруына бейбітшіліктің қағидаларын насихаттайтын келісімге шақырып, рухани әлеуетімізді әлемге паш етті» деп атап өтті.

Ермек Қасболатұлы тілшінің сауалдарына жауап беріп, өкілдік тарапынан Өскемен өңірінде атқарылып жатқан рухани істерге де тоқталып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру