ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Джумагалиева Гаухар мен Сейтимова Жансая ұстаздың ұйымдастыруымен «Ар-Рахман» мешітінде 30-шы парадан «Құран – тура жолға бастаушы» атты жарыс өтті.
Жарысқа қатысуға 30-ға жуық қыз келіншек өтініш білдірсе, оқ бойы оза шыққан 3 қатысушыға бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, 1-ші орынды иеленген Жаңаөзендік Джумагазиева Пердагул апамызға кір жуғыш машина табысталса, 2-ші орынды орталық мешітіміздің тұрақты жамағаты Жалғасбаева Айсұлуға ноутбук табысталды, 3-ші орын алған Жалынбаева Нұрбөбек бауырымызға тігін машинасы табысталды.
Мұндай жарыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырып, аналарымыз иманды ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізбек. Сондықтан да , дәстүрге айналған бұл жарыс, алда өз жалғасын таппақ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық мешітінің баспасөз қызметі
09.10.2018
4394
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру