Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 09.10.2018 4390 0 пікір
Қызылорда: «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі жанындағы «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуге қатысқан облыстағы «Әйелдер-қыздар» секторының ұстаздары заман талабына сай білікті маман болу керектігін алға тартып, көптеген мәселелерді талқыға салып, мақсаттарын айқындады. Жиында ұстаздар қауымы өзара кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп,  пікір-ұсыныстарын білдірді.

Шара соңында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы ардақты жандарды мерейлі мерекесімен құттықтай келе, алғыс хаттармен марапаттап,  сый-сияпаттарын табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру