Бүгін Нұр-Мүбарак университетінде апталық араб тілін оқытуға қатысты семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ИСЕСКО ұйымдастырған бұл шараға еліміздегі 9 медресе-колледждерден келген 30 ұстаз біліктілігін арттырды. Ұстаздар бес күн бойы араб тілін оқытудың жаңа тәсілдері мен ерекшеліктерімен танысты.
Семинар-тренингтің бас-қасында ИСЕСКО ұйымның директоратының басшысы Адел Баурауи, Ұлттық сарапшы доктор Рамзи Ромдани, доктор Амр Абделмонем, Александр Тарак мырзалар болды. Бүгін барлық ұстаздарға сертификат беріліп, болашақта білімдерін арттыра берулеріне тілектестік білдіріп, семинар-тренинг өткізуге жағдай жасаған қазақстандық тарапқа шексіз ризашылығын жеткізді.
Ал қатысушы медресе-колледж оқытушылары да Ұстаздар күні қарсаңында білімдерін арттырып, жаңаша серпін алуға мүмкіндік жасаушы ИСЕСКО ұйымына, ҚМДБ басшылығы мен Нұр-Мүбарак университитетіне жүрекжарды алғыстарын жаудырды. Осынша жақсылық пен қуанышқа себеп болған білім шарасы болашақта жалғасын табатынына сенім мол.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
05.10.2018
3701
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру