Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Зекет» Қорының ұйымдастыруымен

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 05.10.2018 2998 0 пікір
ҚМДБ «Зекет» Қорының ұйымдастыруымен

ҚМДБ –ның Павлодар облысындағы «Зекет» корпоративтік қоры Павлодар қаласында әртүрлі қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Бүгінгі кезекте қасиетті жұма күніне орай облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ауласында  «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырды. Жалпы «Зекет» қоры «Қайырымдылық жәрмеңкесін» қыркүйек айының басынан бері әр жұма сайын ұйымдастырып келе жатқанын айта кетуіміз керек.

Бұл жолғы шараға мешіттің  «Әйел-қыздар секторы» да белсене көмектесті. Осылайша қайырымды жандармен бірлесіп «Зекет» қоры әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік таратуда. Сонымен қатар шетелдерге барып емделу үшін  қордан жәрдем сұраған ауру-сырқау жандарға да бірнеше рет қол ұшын беруге мүмкіндік алған еді.

Мұндай игі іске әрдайым қолдау көрсетіп, үлес қосып жүрген қайырымды жандарға алғыс білдіреміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру