Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен аймағы бойынша «Әйел-қыздар секторының» ұйымдастыруымен дәріс алып жатқан шәкірттер Елбасының биылғы халыққа жолдауын тыңдады.
«Елбасы жолдауын тыңдау, ондағы көрсетілген міндеттермен айқындалған мақсаттардың орындалуына ат салысу барлығымызыға ортақ іс. Халқымыз әр жыл сайын жолдауды асыға күтіп, еліміздің әлеуетінің артуына бағытталған шаралардың одан ары қарқынды дами беретіндігіне сеніп, жолдаудың маңызын жоғары бағалайды. Жолдауда еліміздің дамуымен әлеуметтік мәселелерді шешу жолында көптеген игілікті істер жоспарланып отырғандығын естідік. Алда осы жолдауды насихаттау шарасы атқарылатын болады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.
Өскемен аймағы бойынша өкілдігі әр жыл сайын Елбасы жолдауын халыққа насихаттауды дәстүрге айналдырып келеді. Өкілдіктен Елбасы жолдауын кітапша болдырып басып дайындап, барлық аудан мен қала мешіт жамағатына таратуға жіберіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
05.10.2018
2988
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру