Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАТТ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 05.10.2018 4101 0 пікір
РАТТ МҮШЕЛЕРІ СЫР ӨҢІРІНДЕ

Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында республикалық ақпараттық-түсіндірме тобы мүшелерінің Сыр имамдарымен кездесуі өтті.

«Қазақ халқының ұлттық дүниетанымының қалыптасуындағы дәстүр мен діннің орны мен рөлі»  тақырыбында өткен жиында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы,  дінтанушылар Т.Абуов, М.Орынбай, «Аңсар» Ақпараттық талдамалық орталығы КММ-сі директорының орынбасары, РАТТ мүшесі Т.Талдыбаев, және де қалалық мешіт имамдары қатысты.

Аталмыш тақырып аясында  қатысушылар  «рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі», «дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға тигізер задабы мен алдын алу шаралары», «жергілікті жамағаттың білім-деңгейін көтеру» секілді өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру