Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИБЖИИ имамдары Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Облыстық орталық мешітті зиярат етті

Түркістан облысының баспасөз қызметі 05.10.2018 4222 0 пікір
ИБЖИИ имамдары Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Облыстық орталық мешітті зиярат етті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Алматы қаласындағы «Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының» білімін жетілдіруші имам-молдалары, ғалым ұстаздар Отырар, Түркістан қалаларын зиярат етті.

Алыс-жақын шет елдерден, яғни  Ресей және Монғолия елдерінен және Қазақстаннан келген 50 имам-молдалар, ғалым ұстаздар киелі Арыстанбаб кесенесі мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін және ҚМДБ-ның Түркістан қаласындағы Кеңсесінде, облыстық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» орталық мешітіне арнайы зиярат етіп, ат басын тіреді.

Бесін намазын Түркістан облыстық «Түркістан-Қожа Ахмет Яссауи» орталық мешітінде оқып, мешіттің салыну тарихымен қаладағы мешіттердің жай күйімен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру