ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күні мерекесіне орай қажы апалармен кездесу өтті.
«Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің кітапханасында өткен келелі кездесуде облыстық «Әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Л.Сыдықова, сектор жанынан құрылған «Әжелер» мектебінің жетекшісі З.Абуова қажылық және оның дәрежесі туралы уағыз айтса, шара қонақтары К.Ибраймова, М.Ешмұрат, М.Сматова, Ұ.Жүнісова, Б.Жұбатова, А.Мамолова, М.Баженова, З.Сәдуақасова есімді қасиетті мекендегі құлшылықтарын өтеу барысында болған әсерге толы ғибратты оқиғаларын баяндап, ерекше күйге бөлеп, Мекке-Мәдина шаһарларына деген сағыныштарын еселеткендей болды.
Бұдан кейін облыстық мешіт жанында орналасқан асханада ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі тарапынан жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татып, сұхбаттарын жалғастырды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
04.10.2018
2970
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру