Шымкент қаласы, Абай ауданында орналасқан «Торлан» мешіті жамағат арасында арнайы «Намазхан» шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараны көп жылдық тәжірибесі бар, белгілі ұстаз «Торлан» мешітінің бас имамы Ғалымжан Назаровтың тікелей ұйытқы болуымен қолға алынып, жүзеге асырылды.
Негізгі мақсат - мешітке бес уақыт намазға келуші азаматтармен тығыз байланысты болу, оларға дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтарын үйрету, түрлі теріс ағымдардың жетегінде кетіп қалудан сақтау т.б. мәселелер негізінде өткізілді.
Ұйымдастырылған шара нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны Нұржатқан Сарыпатов деген намазхан бауырымыз ие болып, арнайы сертификат пен қаржылай марапат табыс етілді.
Айта кету керек, тұңғыш рет ұйымдастырылған шара үш ай бойы жалғасын тауап, мешітке келушілердің тізімі бойынша анықталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
03.10.2018
3775
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру