ҚМДБның Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Жоламан кентіндегі “Ақ мешіт” пен “Қос мұнаралы орталық” мешітінде сауат ашу курстарында білім алып, қала мешіттерінің қоғамдық және қайырымдылық жұмыстарына белсене қатысып жүрген шәкірт әжелерге «Қариясы бардың қазынасы бар» атты шара өткізілді. Кеш мақсаты жас буынның үлкендердің көңілін аулап, жүрек жарды ақ тілектерін айтып, сый құрмет көрсету. Орталық мешіт наиб имамы Ерлан Досымұлы жылы тілектерін айтып, әжелерді құттықтады. Мешіт ұстаздары мен жас шәкірттер әжелерге арнап дастархан жайып, сыйлықтар табыс етті. Әжелер өз кезегінде жастарға ризашылықтарын білдіріп ақ баталарын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
03.10.2018
3118
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру