Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің бастамасы және көпшілік жамағаттың (мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар мен банктердің жұмысшылары, студенттер т.с.с.) сұраныстары негізінде 2018 жылғы 5 қазан – жұма күнінінен бастап Алматы қаласының мешіттерінде Жұма намазының азаны бесіннің уақыты кіруімен, яғни 12.44-те айтылады. Жұма намазының парызы жамағатпен сағат 13.25-30-дарда оқылады. Осылайша, жұма намазына келген жамағат әдеттегі жұма намазының біту уақытынан 20-25 минут бұрын жұма намазынан босайтын болады.
Бұл өзгерістің мақсаты – мешітке келуші жамағатқа қолайлы қызметтің сапасын жақсартып, уағыз-насихат пен рухани қызметтің тиімділігін арттыру болып табылады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мештінің баспасөз қызметі
03.10.2018
14413
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру