Кеше Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарының 90 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Бұл маңызды шараға Астана мен Алматыдан және өңірден көптеген қонақтар келді.
Мерейтой үстінде облыстағы Амангелді ауданының «Сатыбалды ишан» мешітіне Меккедегі қасиетті қара тасты жауып тұратын «кисуа» сыйға тартылды. Оны «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Амангелді Еренғайыпұлы салтанатты түрде табыс етті. Осындағы жұма намазына арнайы қатысқан облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы барша қауымға ең ізгі тілегін білдіріп, әсерлі уағыз айтты.
Сонымен қатар, Жангелдин ауданының «Оспан қожа әулие» мешітіне Қ.Дильханов, Ғ.Мұқанов, А.Мырзағалиев сынды демеушілердің қолдауымен жаңа жеңіл автокөлікті табыс етілді.
Осылайша торғайлық ағайындар қос мереке кезінде ерекше қуанышқа бөленді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
02.10.2018
2997
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру