Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: «Қасым қажы» мешітіне 10 жыл

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 02.10.2018 3185 0 пікір
Павлодар: «Қасым қажы» мешітіне 10 жыл

Осы аптаның соңында Павлодар облысы, Павлодарское аулындағы «Қасым қажы» мешіті  өз жамағатына  есігін ашқанына 10 жыл толуына орай аталмыш мешіттің имам-молдалары,  жамағатының бастамасымен дүбірлеген салтанатты шара өтті. Ауыл жамағаты мен жастар арасына қазақ күресі, шағын футбол, балалар арасына әртүрлі ойындар ұйымдастырып, ойын  батуттары орнатылды. Мешіт ауласына киіз үйлер тігіліп, ауыл ақсақалдарына дастархан жайылса, шара соңында барлық қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды.

Мешіт имамы Сыздықов Ермек:

«Мерекелік шараға орай осы мешіттің аталуына себепкер болған Қасым қажы Ертісбаевтың өмірдерегі, атқарған іс-қызметтері туралы ауылдағы Жалпы білім беретін орта мектепке арнайы көрнекілік бұрыш ашылып экспонаттар қойылса, мешіт кіреберісіне де Қасым қажының өмірбаяны орнатылды. Сонымен қатар Қасым қажының ұрпақтарының демеушілігімен мешітке ағымдық жөндеулер жүргізіліп, толығымен жаңа кілем төселді. Мешіт асханасына да жөндеу жүргізіліп, жаңадан ыдыс-аяқтармен толықтырылды. Бұл асханадан мешіт жанындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері үш мезгіл тұрақты тамақтанып тұрады»,- деді.

Облыс өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы шараға арнайы келіп жиналған жамағатқа ғибратты уағыздар айтып, мешіттің демеушілеріне, тұрақты жамағатына алғыс хаттар тапсырды. Сонымен қатар «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің «Әйел-қыздар секторы» мүшелері келіп аталмыш шараның көрігін барынша қыздырып, әйеледр мен қыздар арасына да түрлі иләһи ойын-сауықтар ұйымдастырды.

Шара барысында мешіт және оның жанындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі туралы кеңінен насихатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру