Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде «Өңірлік II имамдар форумы» өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.10.2018 3254 0 пікір
Өскеменде «Өңірлік II имамдар форумы» өтті (ФОТО)

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Зайырлы мемлекеттегі зиялы имам» атты өңірлік II имамдар форумы болып өтті.

Алқалы жиынға ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ұстаз Құрбанұлы, қала, аудан, ауыл имамдары, облыстық, қалалық ардагерлер ұйымдарының басшылары, Шығыс Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» басшысы Ернат Қыдырмоллаев және кейбір ауылдың әкімдері қатысты.

Шараның негізгі нысанасы зайырлылыққа қатысты ислами құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, рухани жаңғыру үн қосу, зиялы имамдар корпусын қалыптастыруға арналған шаралар жасау қатырлы істерге бағытталды.

Жиынды ашып сөз сөйлеген ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы:

«Зайырлы мемлекетте имамдарымыз зиялы болуға тиіс. Діни қызметкерлеріміз іскер, білімді, жан-жақты болу арқылы исламның асыл құндылығын паш етеді.»,- деп имамдардың алдында тұрған басты міндеттерді атады.

Сонымен қатар, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазіреттің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты еңбегін насихаттау шарасы имамдар тарапынан қолдауға ие болды. Аталмыш кітап аудандық, ауылдық, қалалық мешіттерге таратылды. Айта кету керек, бұл кітапта қазақ жеріндегі киелі орындар, ислам тарихы, ұлтымыздың қаһармандарынң күрес жолдары қатарлы деректер мейілінше ұтымды, түсінікті түрде топтастырылып берілген.

Форумда ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай ұстаз имамның келбеті жайлы терең тағылымға толы баяндама жасап, сөз соңында: 

«Имамдық деген ардақты пайғамбарымыздан мирас болған аса абыройлы қызмет. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан имамдарға қамқорлық жасалып отыр. Діни қызметкерлер барлық жақсылық атаулының жаршысы болып, асыл дінімізді насихаттау жолынан танбауы керек»,- деп түйіндеді.

Сонымен қатар ШҚО «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Е.Қыдырмоллаев, Күршім ауданы әкімдігінің бас маманы Л.Әмерғалиқызы, Өскемен қалалық ардагерлер қауымдастығының орынбасары Р.Түсіпов, Күршім ауданының бас имамы Т.Соянұлы қатарлы тұлғалар сөз сөйлеп, зиялылыққа қатысты ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру