Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемендік ақсақал имамдарға құрмет көрсетілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.10.2018 3121 0 пікір
Өскемендік ақсақал имамдарға құрмет көрсетілді

Халықаралық қарттар күні қарсаңында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі қазіргі таңда ауылдық мешіттерде еңбек етіп бірқатар ақсақал имамдарды өкілдіктің «Алғыс хатымен» марапаттады.

ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы марапаттау рәсімінде:

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап асыл дініміздің жанашыры болып, халқымызды имандылыққа бастап, дініміздің туын биік көтеріп жүрген сіздерге шынайы алғыс айтамын. Дінімізбен дәстүрімізді қатар ұлықтап тұтас ауылдың береке-бірлігінің ұйытқысы болып отырған сіздердей имам қарияларымыздың ақыл, ұлағаты қоғам үшін аса қажет» дей отырып, ақсақалдарға «Алғыс хат» ұсынды.

Жиында сонымен қатар дінімізге еңбек сіңіріп жүрген бірнеше ұлағатты ақсақалдар да марапатталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру