Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Абай ауданына қарасты имамдар сынақ тапсырды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 02.10.2018 3461 0 пікір
Шымкент: Абай ауданына қарасты имамдар сынақ тапсырды

Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен қала аумағындағы имамдар арасында Құран-Кәрім, тәжуид және ақида (сенім) бойынша жарыс ұйымдастырылу басталды. Бұл бастаманы Абай ауданының имамдары ашып берді.

Аталмыш жарысқа Шымкент қаласы бойынша қалалық мешіттің наиб имамдары М.Естеміров, М.Сәрсенбаев, ұстаз Осман Өзташ және «Халифа Омар» мешітінің бас имамы Данабек Жұмабековтер төрелік етті.

Осы жарысқа Шымкент қаласына қарасты Абай ауданындағы барлық мешіттердің қызметкерлері (имам, наиб имам, азаншы, молда т.б.) арасында іріктеу жарысы болып өтті.

Жарыста топ жарып,  үздік  шығып, жоғары бал алған жеңімпаздарға өкілдікте 19-20 қазанда өтетін үлкен жарысқа жолдама берілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру