Қарағанды облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «Ислам және отбасы» жылы аясында Қарттар күнін атап өтті.
Қалалық «Бала қажы» мешітінде қарттарға ас беріліп, үлкендерімізге сыйлықтар табыстылды. Қарағанды облысы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы мешіт шәкірттері арасындағы қарт әжелерге арнайы сый-сияпаттармен құрмет көрсете келе ақ тілегін айтты.
Шара соңында қариялар мен әжелер имамдарға, мешіт қызметшілеріне алғыс айтып, ақ баталарын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды өңірінің баспасөз қызметі
02.10.2018
2994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру